
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының намысын жарыста Инвестициялар тарту және сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің бас маманы Олжас Әубәкір мен Сауда және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімінің басшысы Әділ Қапсалямов қорғауда.
Қазақ күресінен өткен жарыс қорытындысы бойынша Әділ Қапсалямов жоғары дайындық деңгейі мен шеберлігін көрсетіп, І орынды жеңіп алды.
Сондай-ақ, елордалық футбол командасы да сәтті өнер көрсетіп, әзірге бірде-бір жеңіліске ұшыраған жоқ.
Әріптестерімізді жарқын жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға алдағы жарыстарда да сәттілік, толайым жеңістер мен жаңа спорттық белестер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1259991?lang=ru

Жауап қалдыру