Аудан әкімі ауыл тұрғындарын жеке қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Асланбек Шүйіншәлиев, аудандық мәслихат төрағасы Марат Төлеуов және тиісті бөлім мен мекеме басшылары Сарықобда, Болгарка, Ақай және Қарахобда ауылдарында тұрғындарды жеке қабылдап, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Қабылдау барысында тұрғындар жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, ветеринария, білім беру, электрмен жабдықтау және өзге де өзекті мәселелерді көтерді.

Кездесуге аудан әкімдігіне қарасты жауапты бөлімдер мен мекемелердің өкілдері қатысып, көтерілген мәселелер бойынша заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер берілді. Шешімін талап ететін мәселелер бақылауға алынып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Мұндай қабылдаулар тұрғындармен ашық диалог орнатуға, елді мекендердегі өзекті мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды кезең-кезеңімен шешуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1260020?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді