
Тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерге қойылатын талаптарды арттыру, сондай-ақ, Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу кезінде ұсынылатын мәліметтердің дұрыстығы үшін олардың жауапкершілігін күшейту мақсатына «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрықтың жобасы әзірленді.
Ұсынылған өзгерістер Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссияның қызметіне, сондай-ақ Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеге әсер ететіндігіне байланысты ағымдағы жылғы 15 шілдеде «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ қатысуымен Қағидалардың нормаларын түсіндіру және қолдану мәселелері жөнінде Комиссия мүшелерінің отырысын өткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/1260046?lang=ru

Жауап қалдыру