Туризмді дамыту – өңірді танытудың тиімді жолы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Туризмді дамыту – бүгінгі күннің өзекті бағыттарының бірі. Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында өлкеміздің бай табиғаты мен тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттау, оның туристік әлеуетін арттыру мақсатында ауданымызға республикамыз әр жерінен елімізге танымал блогерлер арнайы келді.

Сапар барысында қонақтар ауданның тарихи орындарын, мәдени ескерткіштерін, көрікті табиғатын аралап, өлкенің бай тарихы мен ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі, ұлттық салт-дәстүрі мен қонақжайлығы блогерлердің ерекше қызығушылығын тудырды.

Блогерлер тарихи-танымдық нысандарды аралап қана қоймай, өңірдің туристік мүмкіндіктері туралы бейнематериалдар әзірлеп, әлеуметтік желілердегі көпшілік аудиториямен бөлісетіндерін жеткізді. Бұл ауданның кеңінен танылуына, туристердің қызығушылығын арттыруға және ішкі туризмнің дамуына оң ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bokeyorda/press/news/details/1260092?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді