МАМАЙ БАТЫР КӨШЕСІНДЕ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында Яссы секторындағы Мамай батыр көшесінде жүргізілген орташа жол жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
Жоба аясында асфальт-бетон жабыны төселіп, аяқ жол салынып, бүгінде ішкі орам көше пайдалануға берілді.
Жалпы Түркістан қаласы әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, 2025–2026 жылдары жалпы ұзындығы 138,5 шақырымды құрайтын 159 көшеде орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Сонымен қатар, 2026 жылы ұзындығы 145,8 шақырымды құрайтын 173 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1260107?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді