
🔹2026 жылы 17 шілдеде Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалында оқуын үздік аяқтаған түлектерге диплом тапсырудың салтанатты рәсімі өтті.
🔹Салтанатты рәсімге Қостанай облысы Әділет департаментінің «Қостанай қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының бөлім басшысы, аға сот орындаушысы Тлеубаева Райхан Еркеблановна қатысты.
🔹Райхан Еркебланқызы құттықтау сөз сөйлеп, түлектерді оқуын сәтті аяқтауымен құттықтады, үздік диплом иегерлеріне дипломдарын табыстады.
🔹Сондай-ақ, Райхан Еркеблановна Әділет департаменті атынан заң ғылымдарының кандидаты, құқық кафедрасының профессоры, ғылыми жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары Нурмагамбетов Р.Г.-ге жоғары кәсібилігі, адал еңбегі және білікті мамандарды даярлауға қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ студент Никитина Э.П.-ға оқу қызметіндегі жоғары жетістіктері, белсенді өмірлік ұстанымы және кәсіби дамуға ұмтылысы үшін Алғыс хаттар табыстады.
Костанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1260151?lang=ru

Жауап қалдыру