Баспасөз-хабарламасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауыттарын (бұдан әрі – ЭКЖ) салу бойынша Инвестициялар туралы келісімдер (бұдан әрі – Келісімдер) жасалды. Аталған келісімдер шеңберінде жоғарыда көрсетілген қалаларда электр энергиясына арналған тариф 1 кВт·сағ үшін 55 теңге мөлшерінде белгіленді.

ЭКЖ тетігін енгізудің мақсаты – қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттыру, полигондарға көмуге жіберілетін қалдықтар көлемін азайту, қалдықтарды кәдеге жарату саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру және соның нәтижесінде қалдықтардың қоршаған ортаға теріс әсерін төмендету.

Бүгінгі таңда қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобалары Еуропаның көптеген елдерінде, Корея Республикасында, Қытай Халық Республикасында, Жапонияда және басқа да мемлекеттерде табысты іске асырылуда.

Қазақстан Республикасында іске асырылатын жобалар Еуропалық Одақтың өнеркәсіптік шығарындылар жөніндегі директивасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады, бұл атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларын барынша азайтуды қамтамасыз етеді.

Осыған байланысты қазіргі уақытта облыс орталықтарында әлеуетті инвесторлармен жоғарыда көрсетілген шарттарға ұқсас талаптар негізінде тікелей инвестициялар туралы келісімдер жасасу мәселесі қарастырылуда.

Қостанай облысының әкімдігі Қостанай облысының аумағында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобаларын іске асыруға ниет білдірген және дайын әлеуетті инвесторлармен өзара іс-қимыл жасауға және бастамаларды жан-жақты пысықтауға дайын екенін білдіреді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-tabigi-resurstar/press/news/details/1260160?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді