
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Жедел қимылдайтын арнайы жасағының қызметкері, полиция майоры Талғат Оспанов халықтық дауыс беру қорытындысы бойынша «Казцинк» компаниясы тағайындаған жыл сайынғы «Ізгі жүрек – 2026» сыйлығының жеңімпазы атанды.
– Алакөл жағасында қатты желдің салдарынан алты жастағы бала отырған аквазорбтың арқанын үзіп кетіп, оны жағадан алыстата бастаған. Бір сәт те кідірместен Талғат Оспанов суға секіріп, баланы құтқарып қалды. Оның батыл әрі жанқиярлық әрекетінің арқасында бүлдіршін жағаға аман-есен жеткізіліп, қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болды, – делінген ШҚО ПД ақпаратында.
Жеңімпазға сертификат «Ізгі жүрек – 2026» жыл сайынғы сыйлығын салтанатты түрде табыстау рәсімінде берілді. Бұл марапат Шығыс Қазақстан облысында батылдық, жанқиярлық пен азаматтық жауапкершілік танытып, ерлік жасаған тұрғындарды ұлықтау мақсатында табысталады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1260186?lang=ru

Жауап қалдыру