Алматы қаласының Әділет департаментінде авторлар мен құқық иелері марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласының Әділет департаментінде зияткерлік меншік саласын дамытуға, мәдениет пен шығармашылық қызметті қолдауға, сондай-ақ авторлық құқықтарды қорғау жүйесін жетілдіруге елеулі үлес қосқан авторлар мен құқық иелерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Әділет министрінің Құрмет грамоталары жоғары кәсібилігі, көпжылдық адал еңбегі және авторлық құқық саласының дамуына қосқан қомақты үлесі үшін табысталды.

Марапаттау рәсімінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мемлекет жүргізіп отырған құқықтық саясаттың маңызды басымдықтарының бірі екені атап өтілді. Бұл бағытта Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі авторлық құқықтарды қорғаудың құқықтық тетіктерін жетілдіру, цифрлық сервистерді дамыту және авторлық сыйақыны ашық әрі әділ бөлу жүйесін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Сонымен қатар, Алматы қаласының Әділет департаменті зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу және авторлар мен құқық иелерінің заңды мүдделерін қамтамасыз ету бағытындағы қызметін алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыратыны атап өтілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/1260200?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді