ТҰҒЫЛДА БАЛЫҚШЫЛАР КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҰҒЫЛДА БАЛЫҚШЫЛАР КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ
Балықшылар күніне орай Тұғыл ауылында мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, балық шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген азаматтарға құрмет көрсетілді.
Мерекелік шараға Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Ержан Советбекұлы арнайы қатысып, барша балықшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ, бірқатар азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хаттар мен медалдар табыстады.
Мерекелік бағдарлама аясында ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, арқан тарту, ерлер арасында волейбол және футбол сайыстары өтіп, қатысушылар өзара бақ сынады. Жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындары мен қонақтарына арналған жәрмеңке ұйымдастырылып, жергілікті кәсіпкерлердің өнімдері ұсынылды. Мерекелік шара көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ауыл тұрғындарының басын қосқан тағылымды әрі мазмұнды мерекеге айналды.
Балықшылар күні – табиғатпен етене еңбек етіп, ел игілігіне үлес қосып жүрген жандардың еңбегіне көрсетілген құрметтің айқын көрінісі. Осындай игі дәстүрлер алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tarbagatay/press/news/details/1260348?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді