
Әуезов ауданы әкімі аппаратында көпбалалы аналарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 29 мамырдағы №1295 Жарлығына сәйкес көпбалалы аналарға мемлекеттік төсбелгілер табысталды. Аудан әкімі Абзал Егембердиев аналарды құттықтап, олардың отбасы құндылықтарын нығайтудағы, ұрпақ тәрбиесіндегі және қоғамдағы ерекше рөлін атап өтті.
Салтанатты рәсімде бір ана «Алтын алқа», төрт ана «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталды. Марапат иелеріне зор денсаулық, отбастарына амандық пен бақ-береке тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1260383?lang=ru

Жауап қалдыру