
Отбасын қолдау орталығының мамандары қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдерімен бірлесіп, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасының тұрғылықты жеріне барды.
Бару барысында баланың заңды өкілімен әңгімелесу жүргізіліп, отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы зерделенді, мемлекеттік қолдау шаралары, әлеуметтік қызметтер мен консультациялық көмек алу тәртібі түсіндірілді.
Отбасын қолдау орталығы аталған отбасын әлеуметтік сүйемелдеуді жалғастырады. Қажет болған жағдайда құзыретті ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға жәрдем көрсетілетін болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ozsp-mamlyut/press/news/details/1260512?lang=ru

Жауап қалдыру