
Қордай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері аудандық орталық аурухана мен патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында тұрғындар мен жүргізушілерге өрт қауіпсіздігі ережелері, автокөлікті қауіпсіз пайдалану талаптары және аптап ыстық кезіндегі сақтық шаралары түсіндірілді.
Сондай-ақ күннің ең ыстық уақытында ашық күн астында ұзақ болмау, балалар мен қарт адамдарды ыстықтан қорғау және жеткілікті мөлшерде су ішу қажеттігі айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1260510?lang=ru

Жауап қалдыру