Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
📌СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл С.М. Барменбаевтың төрағалығымен семинар өтті. Іс-шараға аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары қатысты.
⚡️Семинар барысында бақылау-қадағалау қызметінің тиімділігін арттыруға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған өзекті мәселелер қаралды.
✨Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
⚡️Қатысушылар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулер жүргізу тәртібін, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын бұзушылықтардың жойылуын бақылау мәселелерін, сондай-ақ тергеп-тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жоюға қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізу тәртібін талқылады. Сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылықтарды саралау, жедел ден қою шараларын қолдану және әкімшілік жаза ретінде рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы сотқа өтінішхат беру тәртібі қарастырылды.
✨Семинар аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бизнес-процестерді сақтау мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.
✨Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын қолдану, бекітілген стандарттар мен қағидаларға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік талаптары мен дербес деректерді қорғау мәселелері кеңінен талқыланды.
✨Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасты, қызметтік тәжірибеде туындайтын өзекті мәселелерді талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/1260585?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді