
2026 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Шымкент қаласының стоматологиялық ұйымдарының басшылары мен өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді.
Кеңеске сондай-ақ Шымкент қаласының штаттан тыс бас стоматологы Нишанкулов Қайрат Әлібайұлы қатысты.
Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына енгізілген өзгерістерге қатысты мәселелер қаралды. Денсаулық сақтау субъектілерінің лицензияны және лицензияға қосымшаларды алу кезінде медициналық цифрлық жүйенің (МЦЖ) міндетті түрде болуы, сондай-ақ медициналық қызметті жүзеге асыру барысында медициналық цифрлық жүйені міндетті түрде қолдану талаптарының қолданысқа енгізілуіне ерекше назар аударылды.
Медициналық цифрлық жүйені енгізу және пайдалану тәртібін түсіндіру мақсатында кеңеске DAMUMED компаниясының өкілдері шақырылды:
* Нианшикова Малика Тәжімұратқызы — DAMUMED компаниясының серіктестермен жұмыс жөніндегі бас маманы;
* Қаймашов Талғат Қайратұлы — Шымкент қаласы бойынша менеджер.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-shymkent/press/news/details/1260594?lang=ru

Жауап қалдыру