Қайназар ауылында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі ұйымдастыруымен ауыз су құбырларын салу және ауыстыру жұмыстарының орындалу барысына қатысты жұмыс кездесуі өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қайназар ауылында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі ұйымдастыруымен ауыз су құбырларын салу және ауыстыру жұмыстарының орындалу барысына қатысты жұмыс кездесуі өткізілді.
Кездесуге Қайназар ауылының жігітбасы, аудандық мәслихат депутаты, мердігер мекеменің өкілдері және жауапты мамандар қатысты.
Жұмыс барысында мердігер ұйымның атқарып жатқан құрылыс жұмыстарының сапасы мен орындалу барысы қаралып, анықталған кемшіліктер жан-жақты талқыланды. Кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою және алдағы уақытта олардың қайталануына жол бермеу жөнінде нақты міндеттер жүктелді.
Сонымен қатар, жоба аясында алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстардың жоспары қарастырылып, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Аталған жұмыстар тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жоспарға сәйкес жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-rahat/press/news/details/1260590?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді