Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 14 шілдеде М. Асаубаева атындағы креатив орталығында Атырау облысы Әділет департаментінің қатысуымен Атырау қаласы әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті бірлесіп ұйымдастырған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды, жұмыссыз азаматтарды, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізулер бойынша борышкерлерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу болды.
Жәрмеңке барысында жұмыс іздеушілерге жұмыс берушілердің өзекті бос жұмыс орындары ұсынылып, жұмыспен қамту мәселелері бойынша консультациялар берілді. Сонымен қатар халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыруға, азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне, сондай-ақ мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер және өңір тұрғындары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1260600?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді