
Астананың Сарайшық ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауқымды кешкі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Түнгі уақытта қоғамдық тыныштықты сақтау және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларға бірнеше құзырлы орган мен мекеменің өкілдері жұмылдырылды.
Атап айтқанда, профилактикалық іс-шараларға Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері, Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының мамандары, ювеналды полиция қызметкерлері және жергілікті әкімдік өкілдері қатысты.
Мұндай ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алуға және туындаған мәселелерді заң аясында жедел шешуге мүмкіндік береді.
Рейдтің негізгі мақсаты – түнгі уақытта көшеде, ойын-сауық орындарында және басқа да қоғамдық орындарда жалғыз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау. Мұндай шаралар балалардың өмірі мен денсаулығына төнуі мүмкін қауіптердің алдын алып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Тексеру барысында заң талаптарын бұзған жасөспірімдермен және олардың ата-аналарына құқықтық түсіндіру жүргізілді.
Жергілікті атқарушы орган өкілдері мен полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларды тәрбиелеу мен олардың бос уақытын бақылауға жауапкершілікпен қарау қажеттігін тағы бір мәрте еске салды.
Айта кету керек, мұндай профилактикалық шаралар бір реттік акция емес. Жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында осындай рейдтер алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілетін болады.
«Заң талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті. Осындай рейдтердің арқасында құқық бұзушылықтардың алдын алып, қоғамдық орындарға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға болады», – деп атап өтті Сарайшық ауданында.
#законипорядок #заңментәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1260689?lang=ru

Жауап қалдыру