
41 жастағы ер адам танысымен бірге спирттік ішімдік ішіп отырған кезде достық көңіл-күйді өз пайдасына пайдалануды ұйғарған.
Танысының назары басқа жаққа ауған сәтте ол оның ұялы телефонын алып, банк қосымшасына кіріп, өзінің есепшотына 1 миллион теңге аударып жіберген.
Жәбірленуші ақша аударылғанын бірнеше күннен кейін ғана банк операцияларын тексеру барысында байқап, бірден полицияға жүгінген.
Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Тергеу барысында күдікті кінәсін толық мойындап, аударылған ақшаны жеке қажетіне жұмсап үлгергенін айтқан.
Аталған факті бойынша ұрлық дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Полиция ескертеді: ұялы телефон – тек байланыс құралы емес, сонымен қатар банк шоттарыңызға ашылатын «кілт». Сондықтан дастарқан басында немесе басқа жерде телефоныңызды қараусыз қалдырмаңыз және банк қосымшаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз. Бір сәттік қулықтың соңы миллион емес, қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1260740?lang=ru

Жауап қалдыру