
Сарыағаш ауданының прокуратурасы Түркістан облысында азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді.
Талдау барысында наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған, көлік құралын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар 89 адамның жүргізуші куәліктері болғаны және олардың көлік құралын басқаруға жіберілгені анықталды.
Заңнама талаптарына сәйкес психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары бар, сондай-ақ психоактивті заттарды қолдануға байланысты бұзылыстары бар адамдар медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда көлік құралын басқаруға жіберілмейді.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде соттармен аталған тұлғалардың көлік құралын басқару құқықтары тоқтатылды.
Прокурорлық ықпал ету шаралары нәтижесінде жауапты лауазымды тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Түркістан облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/1260355?lang=ru

Жауап қалдыру