Бейімбет Майлин ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған екі күндік мерекелік іс-шаралар Әйет ауылының орталық алаңындағы салтанатты мерекелік кешпен өз мәресіне жетті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

17 шілде күні аудан тұрғындары мен қонақтары қос бірдей айтулы мерекені – Бейімбет Майлин ауданының 90 жылдық мерейтойы мен Металлургтер күнін бірге атап өтті.

«Мерейлі Мерейтой – 90!» театрландырылған қойылымы туған жерге, еңбек адамдарына және ауданның бай тарихына деген шынайы құрметтің жарқын көрінісіне айналды. Салтанатты бөлімде құттықтаулар айтылып, ауданның және «Варваринское» ЖШС-нің дамуына елеулі үлес қосқан тұрғындар мен тау-кен және металлургия саласының үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Мерекелік кештің сәнін ауданның шығармашылық ұжымдары келтірсе, кештің жалғасы Қостанай облыстық филармониясы өнерпаздарының әсерлі концерттік бағдарламасына ұласты.

Мерейтойлық кештің ерекше тартуы ретінде қазақстандық эстрада жұлдыздары Дильназ Ахмадиева мен Анатолий Цой өнер көрсетіп, өздерінің үздік әндерін тарту етіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1260335?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді