
Би батлына Жітіқара ауданынан, Қостанай қаласынан және Бейімбет Майлин ауданынан келген 100-ге жуық дарынды жас биші қатысты.
Екі сағат бойы сахнада ерекше атмосфера орнап, қатысушылар өздерінің шеберлігі мен шығармашылық әлеуетін көрсетті. Жас бишілер көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, заманауи бидегі ерекше стильдерімен және өнерге деген сүйіспеншіліктерімен тәнті етті.
Байқау жастардың шығармашылығын қолдап, талантты өрендердің басын қосқан әсерлі мерекеге айналып, өңіріміздегі би өнерінің қарқынды дамып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1260318?lang=ru

Жауап қалдыру