
Тексеру Райымбек ауданы аумағында орналасқан Баянкөл және Текес өзендерінің арналарына жүргізілді.
Баянкөл өзені бойынша:
Ағымдағы өткізу қабілеті – 16 м³/с;
Сындық өткізу қабілеті – 60 м³/с;
Судың лайлығы байқалмады.Текес өзені бойынша:
Ағымдағы өткізу қабілеті – 7,7 м³/с;
Сындық өткізу қабілеті – 40 м³/с;
Судың лайлығы бұл өзенде де байқалмады.Тексеру барысында өткен жылы салынған бөгеттің жағдайы жалпы алғанда қанағаттанарлық деп бағаланды. Алайда жекелеген учаскелерде (ұзындығы 10–15 метр) су ағынының әсерінен құрылымның шайылу қаупі анықталды. Бұл жағдай құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер ұйымның жұмысты тиісінше орындамағанын көрсетті.
Сондай-ақ, Баянкөл өзені үстінен өтетін автокөлік көпірінің апатты-техникалық жағдайы тіркелді. Бұл мәселе бойынша шұғыл қалпына келтіру шараларын қабылдау қажет.
Алматы облысының ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/975737?lang=kk

Жауап қалдыру