
Аудан әкімінің орынбасары Дастан Ахановтың азаматтарды жеке қабылдауы өтті
Бүгін Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Дастан Жарылқасынұлы Аханов азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Қабылдау барысында көтерілген мәселелер жан-жақты қаралып, оларды қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес шешу мақсатында жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Азаматтарды жеке қабылдау тұрғындармен кері байланысты нығайту, олардың өзекті мәселелерін зерделеп, уақытылы шешім қабылдау мақсатында тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1260809?lang=ru

Жауап қалдыру