
Тексеріс жұмыстарының ресми ашылуына Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мемлекеттік инспекторлары мен кәсіпорын басшылығы қатысты. Кеңес барысында атқарылатын жұмыстардың мақсат-міндеттері айқындалып, салалық заңнама талаптарын сақтаудың маңызы жан-жақты түсіндірілді.
Шара аясында нормативтік-құқықтық актілердің орындалуы, өндірістік тәуекелдерді азайту шаралары, мекеменің материалдық-техникалық жарақтануы мен персоналдың төтенше жағдайларға жедел әрекет ету дайындығы талданады. Бұл өндірістік қауіпсіздік деңгейін көтеруге, ықтимал заң бұзушылықтардың алдын алуға және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1260818?lang=ru

Жауап қалдыру