Цифрландыру мемлекеттік қызметтерді қолжетімді ете түсті  

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік қызметтерді цифрлық трансформациялау азаматтар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету тәсілін түбегейлі өзгертуді жалғастыруда. Бүгінде ХҚКО-да мемлекеттік қызметтерді алу жылдамырақ қана емес, өңір тұрғындары үшін анағұрлым қолжетімді бола түсуде. Негізгі басымдық қызмет алу уақытын қысқартуға, электрондық арналарды дамытуға және өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарының мүмкіндіктерін кеңейтуге қойылып отыр.

Қостанай облысында 2026 жылдың бірінші жарты жылдығында фронт-офистер арқылы 176 мыңға жуық өтініш қабылданып, 222 мыңнан астам мемлекеттік қызмет нәтижесі берілген. Сонымен қатар, цифрлық сервистерді пайдалану да оң динамиканы көрсетіп отыр. Оның ең айқын нәтижесі өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында байқалады. Азаматтардың өз бетінше алған қызметтер саны 441 мыңан асып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 259 мың қызметке артық болды. Өсу қарқыны 143%-ды құрайды.

Бұл нәтиже өңір тұрғындарының операторлардың көмегіне жүгінбей-ақ цифрлық құралдар мен өзіне-өзі қызмет көрсету сервистерін белсенді пайдалана бастағанын көрсетеді.

Сұранысқа ие қызметтердің қатарында мүлік пен көлікті тіркеу, ҚР азаматтарына паспорттар мен жеке куәліктер беруге байланысты сервистер, бизнеске арналған қызметтер сақталып отыр.

Заңды тұлғаларды тіркеу қызметтері жөніндегі өтініштер бойынша 2026 жылдың қаңтар айынан маусым айына дейінгі көрсеткішінде облыста 305 қызмет көрсетілді. Оның 280 ге жуығы онлайн форматта жүзеге асырылды. Яғни, қызметтердің шамамен 90%-ы электрондық арналар арқылы алынған. Бұл кәсіпкерлердің мемлекеттік қызметтерді қашықтан алуды белсенді түрде таңдайтынын көрсетеді.

Цифрлық сервистердің дамуы әсіресе шалғай аудандардағы кәсіпкерлер үшін маңызды. Электрондық форматтың арқасында құжаттарды тапсыру үшін облыс орталығына бірнеше рет бару қажеттілігі азайып, уақыт пен көлік шығындары қысқарады. Шағын және орта бизнес субъектілерінің әкімшілік рәсімдерді жылдам орындауына мүмкіндік береді.

Цифрлық шешімдердің енгізілуі қызметтердің қолжетімділігін ғана емес, олардың сапасы мен жеделдігін де арттыруға ықпал етуде. Оған дәлел, аталған мерзімде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санының ішінде сапалы орындалғандарының үлесі 99%-ды құрайды.

Жалпы алғанда, бірінші жартыжылдықтың статистикалық деректері электрондық мемлекеттік қызметтердің өңір тұрғындары үшін қолжетімді әрі сұранысқа ие екенін, ал цифрлық форматтың азаматтар мен бизнес үшін мемлекеттік қызметтерді алуды анағұрлым ыңғайлы етіп отырғанын айқындайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1260827?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді