Алматы облысында сел қаупі жоғары кезеңге дайындық қарқынды жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тексеру Еңбекшіқазақ ауданы аумағында орналасқан Шелек, Турген өзен арналары мен Есік көлін қамтыды.

2025 жылғы 12 сәуірде Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Азаматов Д.С. мемлекеттік мекеменің «Қазселденқорғау» ІААТПБ филиалының басшысы Жолдасбеков Д.Т. және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, Еңбекшіқазақ ауданы аумағындағы Шелек, Турген өзен арналары мен Есік көліне көзбен шолу жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша су нысандарының техникалық жай-күйін жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.Жоспарланған жұмыстарды орындауға мамандандырылған ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тартылады. Жұмыстар анықталған кемшіліктер толық жойылғанға дейін белгіленген тәртіппен жалғасатын болады.

Алматы облысының ТЖД 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/975774?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді