
Алматы қаласындағы №11 мекемеде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында сотталғандармен құқықтық түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Алматы қаласының Әділет департаментінің қызметкерлері заңнаманы сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысушыларға азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасындағы өзекті өзгерістер жан-жақты түсіндірілді.
Іс-шара барысында құқықтық мәдениетті қалыптастырудың, әлеуметтік жауапкершілікті арттырудың және заң үстемдігі қағидаттарын сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында сотталғандар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қолданыстағы заңнама талаптары бойынша жан-жақты жауаптар алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/1260215?lang=ru

Жауап қалдыру