ШҚО ПД Тәлімгерлер кеңесі Глубокое және Шемонаиха аудандарының жас қызметкерлермен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО ПД Тәлімгерлер кеңесі Глубокое және Шемонаиха аудандарының жас қызметкерлермен кездесті

Глубокое кентінің Мәдениет үйінде Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Тәлімгерлер кеңесінің Глубокое және Шемонаиха аудандары полиция бөлімдерінің жас қызметкерлері мен олардың тәлімгерлерімен көшпелі кездесуі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас қызметкерлерге практикалық және әдістемелік көмек көрсету, тәлімгерлік институтын нығайту, кәсіби даярлық деңгейін арттыру және қызметтік тәртіпті күшейту.

Кездесуге қатысушыларды ШҚО ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Марат Баяндинов құттықтап, жас қызметкерлердің кәсіби қалыптасуындағы тәлімгерліктің маңызын атап өтті. Сонымен қатар заңдылықты сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту және Антқа адал болудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Кездесу барысында ШҚО ПД Ардагерлер кеңесі мен Тәлімгерлер кеңесінің өкілдері қызметтік тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби әдеп, жауапкершілік және ішкі істер органдарының қалыптасқан дәстүрлері туралы айтты. Қатысушылар алдында ШҚО ПД Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Тлегенов Ержан Ғаббасұлы, ШҚО ПД Тәлімгерлер кеңесінің мүшелері Аязбаева Бұлбұл Әлімбайқызы, Рахмижанова Парзана Бексұлтанқызы, Шемонаиха ауданы полиция бөлімінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мешелов Еркінғожа Құдысұлы және Глубокое ауданы полиция бөлімінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Исанов Марклен Жанғазыұлы сөз сөйледі.

Қазақстан-Америка еркін университетінің оқытушысы Савелий Александрович Мужчиль қатысушыларды Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері мен жаңашылдықтарымен таныстырды. Сондай-ақ ШҚО ПД Жеке құраммен жұмыс басқармасының өкілдері тәлімгерлікті ұйымдастыру және қызметтік тәртіпті сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу соңында ашық пікір алмасу өтіп, жас қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын сақтауға, тәлімгерлік институтын нығайтуға және жас қызметкерлердің ішкі істер органдарындағы қызметке деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

 

ШҚО ПД баспсөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1260213?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді