
Түлкібас ауданында өткен аймақтық іріктеу кезеңінде Ордабасы ауданының құрамасы сәтті өнер көрсетіп, облыстық кезеңге жолдама жеңіп алды.
Төрт ауданның командалары бақ сынаған жарыста Ордабасы құрамасы Сайрам ауданын 4:1, Бәйдібек ауданын 4:1 есебімен сенімді жеңіп, Түлкібас ауданымен 2:2 есебімен тең түсті. Осылайша 7 ұпай жинаған жерлестеріміз турнир кестесінде бірінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, өткен жылы Ордабасы ауданының командасы облыстық кезеңде жүлделі ІІІ орынды иеленген болатын.
Енді аудан намысын қорғайтын команда облыстық кезеңде бақ сынайды. Ал облыс жеңімпазы Қазақстан чемпионатына жолдама алады.
Жерлестерімізге алдағы ойындарда сәттілік пен жеңіс тілейміз!
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1260883?lang=ru

Жауап қалдыру