Полиция қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабатын киімге қатысты заң талаптарын сақтауға шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-3-бабына сәйкес қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті киіп жүруге тыйым салынады.

Аталған талап адамның бет-жүзін толық жауып, оның жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтін киім түрлеріне қатысты қолданылады. Бұл норма қоғамдық орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқық қорғау органдарының өз міндеттерін тиімді орындауына бағытталған.

Сонымен қатар, беті ашық қалатын діни киімдер, атап айтқанда хиджаб, химар, шейла, әл-амира және осыған ұқсас киімдер заң талаптарын бұзбайды.

Заң талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бірқатар жағдайларға қолданылмайды. Атап айтқанда, қызметтік немесе еңбек міндеттерін орындау кезінде, медициналық мақсаттарда, азаматтық қорғау шараларын жүзеге асыру барысында, қолайсыз ауа райы жағдайларында, сондай-ақ спорттық, спорттық-бұқаралық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға тікелей қатысу кезінде бет-жүзді жабуға рұқсат етіледі.

Аталған талаптарды алғаш рет бұзған жағдайда әкімшілік жаза ретінде ескерту қарастырылған. Егер құқық бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, құқық бұзушыға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Полиция азаматтарды қолданыстағы заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпті құрметтеуге және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бірлесіп үлес қосуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1260901?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді