
Маңғыстау облысы полиция департаменті азаматтармен ашық әрі тиімді өзара байланысты қамтамасыз ету, тұрғындардың өтініштері мен мәселелерін уақтылы қарау бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Полиция департаментінің басшылығы азаматтардың арыз-шағымдары мен өтініштерін қарауды ерекше бақылауда ұстайды. Әрбір өтініш мұқият зерделеніп, көтерілген мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында тиісті шешімдер қабылданады.
Тұрғындарды жеке қабылдау барысында азаматтар өздерін толғандырған мәселелерін тікелей жеткізіп, ұсыныстары мен өтініштерін білдіруге мүмкіндік алады. Әрбір өтініш бойынша жан-жақты талдау жүргізіліп, жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар беріледі.
Халықпен кері байланысты нығайту, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету – ішкі істер органдары жұмысының басым бағыттарының бірі.
Маңғыстау облысы полиция департаменті тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, азаматтардың өтініштерін қарау және заңды талаптарын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1260909?lang=ru

Жауап қалдыру