Кентау қаласында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кезекті плоггинг акциясы ерекше форматта ұйымдастырылды.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыруды, қоршаған ортаны таза ұстауды және жастардың табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын арттыруды мақсат еткен шараға қала жастары, тұрғындар белсене қатысты. Балалар көпқабатты тұрғын үй аулаларын қоқыстан тазартып, тазалықтың маңызын насихаттады.
Іс-шараның ерекшелігі – елімізге танымал Bayguys жайдарман тобының мүшелері, кино актерлары Жалғас Елеусінов, Мағжан Нұрғали және Бағжан Данайдың арнайы қатысуы болды. Өнер иелері балалармен және жастармен еркін жүздесіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, олар қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, жастарды экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақырды.
Мұндай тағылымды іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында тазалыққа деген жауапкершілікті арттырып, қоғамда экологиялық мәдениетті нығайтуға ықпал етеді. Кентау қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық, абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1261048?lang=ru

Жауап қалдыру