
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде прокуратура өкілдерінің қатысуымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, Қазақстан Республикасы Әкімшілік іс жүргізу кодексінің өзгертілген талаптары мен жаңартуларын сақтау мәселелеріне арналған семинар өтті.
Кездесу барысында қатысушыларға «Е-Өтініш» АЖ жаңартылған жұмыс тәртібі түсіндірілді. Өтініштерді уақытылы және сапалы қарауға, белгіленген мерзімдерді сақтауға, қызметкерлердің жеке жауапкершілігін арттыруға және формальды тәсілдерді болдырмауға ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелердің басшыларына азаматтардың өтініштерін жан-жақты және объективті қарауды қамтамасыз ету, оларды тіркеу және қайта жолдау кезінде заңнама талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ жауаптар дайындау сапасы мен атқарушылық тәртіпті бақылауды күшейту тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-almaty/press/news/details/1261088?lang=ru

Жауап қалдыру