
Абай облысы Полиция департаментінің құрама командасы 2026 жылғы 19–24 шілде аралығында Петропавл қаласында өтетін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің волейболдан чемпионатына дайындық жұмыстарын жалғастыруда.
Жаттығу барысында спортшылардың дене дайындығын жетілдіруге, ойын техникасын шыңдауға және командалық үйлесімділікті арттыруға ерекше назар аударылуда. Сонымен қатар, құрама команда мүшелеріне «ARLAN» спорт клубының мүшелік куәліктері табысталды.
Полицейлер алдағы чемпионатта Абай облысының намысын лайықты қорғап, жоғары нәтиже көрсетуге ниетті.
Құрама командаға сәттілік, тартысты ойын және жеңіс тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1261108?lang=ru

Жауап қалдыру