Павлодар облысында «Ауладағы қабылдау» республикалық акциясы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысының аумағында 20–26 шілде аралығында халықпен өзара іс-қимылды нығайтуға, азаматтардың полицияға деген сенімін арттыруға және тұрғындардың өзекті мәселелерін жедел шешуге бағытталған «Ауладағы қабылдау» республикалық акциясы өтуде.

Акция аясында тәртіп сақшылары көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында және ауданның елді мекендерінде тұрғындармен кездесулер өткізіп, азаматтардың өтініштерін қабылдайды. Сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігі, алаяқтыққа және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кеңес береді.

Әрбір тұрғын өзін толғандырған сұрақтар бойынша полиция қызметкерлеріне жүгіне алады, назар аударуды қажет ететін мәселелер туралы хабарлап, қажетті түсіндірмелер мен консультациялар ала алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1261139?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді