Ақтөбе облысында газдандыру жұмыстары көмірге деген сұранысты азайтты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Ақтөбе облысында газдандыру жұмыстарының қарқын алуы өңірдің отын теңгеріміне оң әсерін тигізіп отыр. Биыл былтырғы жылмен салыстырғанда бюджеттік ұйымдар мен тұрғындардың қатты отынға деген қажеттілігі төмендеген. Бұл туралы облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде белгілі болды.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаевтың айтуынша, елді мекендерді табиғи газбен қамту жұмыстарының нәтижесінде тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар кезең-кезеңімен көгілдір отынға қосылып жатыр. Соның арқасында көмірге деген сұраныс жыл сайын азайып келеді. Еске салайық, 2025 жылы 31 ауыл, биылғы жылдың басынан бері 6 ауыл табиғи газдың игілігін көріп отыр.

Облыста 2026–2027 жылғы жылыту маусымына дайындық жоспарға сәйкес жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары аясында 285 қазандық жөнделіп, инженерлік инфрақұрылым жаңғыртылып жатыр. Сонымен қатар 1 089 әлеуметтік және коммуналдық нысан жылыту маусымына дайындығын күшейтті.

Биыл бюджеттік ұйымдарға 18 686 тонна көмір қажет. Қатты отынмен қамтамасыз ету жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп, 15 қыркүйекке дейін толық аяқталады. Ал халыққа арналған тұрмыстық көмірдің негізгі көлемін жеткізу тамыз айынан басталады.

Аппарат мәжілісінде өңірдің энергиямен жабдықтау кәсіпорындарындағы жөндеу және жаңғырту жұмыстарының барысы да қаралды. Сонымен қатар «Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жалпы құны 32 млрд теңгені құрайтын 20 жобаның іске асырылып жатқаны айтылды.

Жиын қорытындысында облыс әкімі Асхат Шахаров жылыту маусымынна дайындыққа және оның өтуіне тиісті мемлекеттік органдар мен коммуналдық кәсіпорындар басшылары тікелей өздері жауапты екенін еске салып, жылу желілері мен қазандықтарды уақытылы жөндеуді аяқтауды, әлеуметтік нысандардың дайындығын қатаң бақылауда ұстауды, тұрғын үйлердің ішкі жылу жүйелерін тексеруді, отын қорын толық қалыптастыруды және алдағы жылыту маусымын тұрақты әрі апатсыз өткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1261215?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді