
Соңғы уақыттағы жауын-шашынның мол түсуіне байланысты қала аумағында арамшөптер мен аллергия тудыратын өсімдіктердің қарқынды өсуі байқалды. Осыған орай, басқарма ұжымы өздеріне бекітілген аумақта шөп шабу және санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді.
Атқарылған жұмыстардың негізгі мақсаты – қала аумағының тазалығы мен көркін сақтау, сондай-ақ тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз қоршаған ортаны қалыптастыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher/press/news/details/1261285?lang=ru

Жауап қалдыру