
Ағымдағы жылдың 20 шілдесінде мектептерді жаңа оқу жылының басталуына дайындау бойынша мониторинг жүргізу шеңберінде Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева Жамбыл ауданының Қайранкөл жалпы білім беретін мектебіне барды.
Мектептің жобалық қуаты 464 оқушыны құрайды, 78 оқушы оқиды, аралас тілді мектеп. Мектептегі сабақтар екі ауысымда өтеді. 1 сныпқа 8 оқушы қабылданған.
Мектепте 24 педагог жұмыс істейді, оның ішінде педагог-зерттеуші – 8, педагог-сарапшы – 2, педагог-зерттеушілер мен педагог – сарапшылардың үлесі 41,6% құрайды. Пән мұғалімдерінің 3 бос орны және шағын орталықтың 2 тәрбиешіге бос орын бар. Әкімшілік жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандарды қабылдау бойынша жұмыс жүргізуде.
Мектептегі негізгі проблема – Интернеттің төмен жылдамдығы – 5 Мбит/с. Жамбыл ауданының білім бөлімі басшысының ақпараты бойынша Интернет-провайдер байланыс желісі мен желілік жабдықты диагностикалауды жүргізеді, жақын арада желіні жөндеу, кем дегенде 20 Мбит/с жылдамдықты қамтамасыз ететін ақаулы жабдықты ауыстыру орындалады.
Сондай-ақ, мектептің қазандығын жөндеу қажет. Қазандықтар, сорғылар, үрлеу, құбыр жарамды күйде. 2026 жылдың сәуірінде қазандықты ағымдағы жөндеуге смета жасалды, оған қазандықтың қабырғаларын нығайту, электр сымдарын ауыстыру, қазандықтың шатырын жөндеу кіреді. Бүгінгі таңда конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
Департамент мектептерді оқу жылының басына дайындау бойынша мәселелерді тұрақты бақылауда ұстауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1261365?lang=ru

Жауап қалдыру