
Қалалық жағажайда концерттік бағдарлама мен жастар дискотекасы аясында Жетісу облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жастар арасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді.
Еркін әрі достық жағдайда полицейлер демалушыларға қауіпсіздік саналы таңдаудан басталатынын еске салды. Іс-шараға қатысушыларға есірткіге қарсы бейнеролик көрсетіліп, одан кейін полиция қызметкерлері есірткі заттарын қолдану мен заңсыз айналымының салдары туралы профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы заңнамасында есірткі қылмыстарын жасағаны үшін көзделген қылмыстық жауапкершілікке, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың, белсенді демалыстың және өз болашағына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында қатысушыларға есірткіге теріс көзқарас қалыптастыруға бағытталған профилактикалық материалдар мен ұсынымдар қамтылған ақпараттық жадынамалар таратылды.
Мұндай іс-шаралар Жетісу облысы полициясының жүйелі профилактикалық жұмысының бір бөлігі болып табылады. Олардың басты мақсаты – жастар арасында есірткіге төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және әр адамның денсаулығы, қауіпсіздігі мен болашағы өзінің дұрыс таңдауына байланысты екенін тағы бір мәрте еске салу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1261392?lang=ru

Жауап қалдыру