Астанадағы сауда ойын-сауық орталықтарында «Заң түні» атты әлеуметтік акция өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында 25 маусым күні Астана қаласында сауда ойын-сауық орталықтарында «Заң түні» атты әлеуметтік акция өтті.

Іс-шара «Mega Silk Way» (Қабанбай батыр даңғылы, 62) және «Jibek Joly» (А. Байтұрсынұлы көшесі, 34) сауда ойын-сауық орталықтарының алаңдарында ұйымдастырылды.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Іс-шара аясында елорда тұрғындары мен қонақтарына мемлекеттік органдардың, Астана қаласы прокуратурасының және уәкілетті органдардың аумақтық департаменттері өкілдері тарапынан түрлі құқықтық мәселелер бойынша тегін заңгерлік кеңестер берілді.

Мамандар азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balaqorgau-astana/press/news/details/1261463?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді