Басшы лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілер үшін құқықтық ағарту дәрісі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың түрлі алаңдарда құқықтық ағарту, құқықтық нигилизммен күрестің маңыздылығы туралы айтқаны баршамызға белгілі және Омбудсмен институтының негізгі қызмет бағыттарының бірі – құқықтық ағарту жұмысы болып табылады.

Осы ретте, Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі А.Байдуллина жыл басынан түрлі оқу орындарында 6 дәріс, 2 семинар, 3 тренинг, 12 түрлі деңгейдегі кездесулер өткізді.

Осылайша, Өкіл  а.ж. 14 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет Академиясының Ақтөбе филиалында біліктілігін арттырып жатырған басшы лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге 4 академиялық сағат көлемінде дәріс оқыды. 

Дәрісте адамның негізгі құқықтары туралы негізгі ұғымдармен қатар, мемлекетімізде жүргізіліп жатырған құқықтық реформалар, заңнамалық жаңалықтар, жаңашыл концепцияларға түсіндірме жасалды. Тақырып интерактивті ойын, пікір алысумен бекітілді.

Мемлекеттік қызметшілер дәріс мазмұнына жоғары қызығушылық білдіріп, сұрақтарына жауаптар алды. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/975939?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді