стана қаласында өңірлік деңгейде балалардың құқықтарын қорғаудың жаңа жүйесін қалыптастыруға арналған алғашқы республикалық оқыту семинары басталды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада балалардың құқықтарын қорғаудың жаңа жүйесін өңірлік деңгейде қалыптастыруға арналған алғашқы республикалық оқыту семинары басталды. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру аясында өткізілуде.

Үш күндік оқытудың басты мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау басқармаларының міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін бірыңғай түсінуді қалыптастыру, олардың қызметін ұйымдастырудың ортақ тәсілдерін айқындау және бала құқықтарын қорғау жүйесінің барлық қатысушыларының тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

Ашылу салтанатына Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева және БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі доктор Рашед Мұстафа Сарвар қатысты.

Оқыту семинарына балалардың құқықтарын қорғау басқармаларының басшылары, бейінді бөлімдердің басшылары, сондай-ақ өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілдер қатарынан 60-тан астам маман қатысуда.

Ашылу барысында бірлескен жұмыс пен әріптестіктің маңыздылығы атап өтілді. Үш күн ішінде қатысушылар жаңа заңнамалық тәсілдерді, «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының ережелерін, тәуекелдерді ерте анықтау, кейс-менеджментті енгізу және құқық қорғау органдарымен және соттармен ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылайды.

Оқыту «Балалық шақты қорғаудың өңірлік жүйесін жобалау» стратегиялық сессиясымен аяқталады. Алынған білім басқармалардың өңірлердегі балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі өздеріне жүктелген өкілеттіктерін тиімді іске асыруы үшін сенімді негіз болады деп күтілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balaqorgau-astana/press/news/details/1261476?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді