Халықаралық Нельсон Мандела күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 18 шілдеде атап өтілетін Халықаралық Нельсон Мандела күніне орай Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде іс-шаралар ұйымдастырып, департаменттің ресми әлеуметтік желілерінде жарияланды.

2026 жылдың 15 шілдесінде Алматы қаласы Әділет департаментінің бас маманы Шынар Азербек департаментке қарасты 3 мекемеде сотталғандардың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сұхбаттасу барысында саясаткер Нельсон Мандела, жаңа Конституцияның негізгі қағидалары, адам құқықтарын сақтау, қоғамға қайта бейімделудің маңыздылығы бойынша тақырыптар талқыланды.

№72 мекемеде 2026 жылғы 14 шілдеде Алматы қаласы бойынша Қоғамдық бақылау комиссиясының төрайымы Ардақ Жанабилованың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара мекеменің жеке құрамы мен сотталғандар арасында ұйымдастырылып, құқықтық мәдениетті арттыруға, адам құқықтарын құрметтеу қағидаттарын қалыптастыруға және жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған.

№11, 72 мекемелерде 2026 жылғы 17 шілдеде, Халықаралық Нельсон Мандела күні қарсаңында «Human Rights Lawyers» қоғамдық қорының президенті Ракишева Ляззат Бекмұханбетқызының қатысуымен ағартушылық іс-шара өткізілді. Іс-шара аясында «Нельсон Мандела – адам құқықтарын қорғаудың, адам қадір-қасиетін құрметтеудің және сотталғандарға ізгілікпен қараудың символы» тақырыбында дәріс ұйымдастырды. Кездесу барысында сотталғандарға Нельсон Манделаның өмір жолы мен қызметі, Халықаралық Нельсон Мандела күнінің маңызы, адам құқықтарын сақтау, адамның қадір-қасиетін құрметтеу, сондай-ақ сотталғандарды қайта әлеуметтендіру және заңға бағынушылық мінез-құлықты қалыптастыру мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар, «Human Rights Lawyers» қоғамдық қорының өкілдері сотталғандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қойылған сұрақтарға жауап берді және өз құзыреті шегінде құқықтық-консультациялық көмек көрсетті.

№13 мекемеде 2026 жылғы 17 шілдеде мекеме психологтары «Бостандық санадан басталады: Мандела сабақтары» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты – сотталғандардың Нельсон Мандела дәріптеген адамгершілік құндылықтарды, атап айтқанда адамның қадір-қасиетін құрметтеу, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау, оң өзгерістерге ұмтылу, өзара көмек көрсету, ынтымақтастық дағдыларын дамыту және жанжалдарды бейбіт жолмен шешу қағидаларын түсінуін қалыптастыру. Сонымен қатар, олардың жеке тұлғалық дамуға және босатылғаннан кейін табысты ресоциализациялануға деген ынтасын арттыру көзделді. Қатысқан сотталғандар саны 20.

Сондай-ақ, қауіпсіздігі барынша төмен №13 мекемеде 2026 жылғы 18 шілдеде сотталғандарға Нельсон Манделаның өмірі мен қызметіне арналған деректі фильм көрсетілді. Фильмде оның нәсілдік кемсітушілікке қарсы күресі, ұзақ жылдар бойы бас бостандығынан айырылса да рухының сынбауы, адам құқықтарын қорғаудағы, әділеттілік пен бейбітшілікті нығайтудағы тарихи еңбегі кеңінен көрсетілді. Фильм көрсетілгеннен кейін талқылау ұйымдастырылып, сотталғандар Нельсон Манделаның өмір жолынан алған әсерлерімен бөлісіп, оның төзімділік, кешірім және қоғамға қызмет ету жөніндегі ұстанымдарының маңыздылығын талқылады. Шараға 378 сотталған азамат қатысты.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almduis/press/news/details/1261563?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді