Қарағанды облысы ересектер арасындағы 100 шаршы дойбыдан Қазақстан чемпионатындағы көшбасшылық орнын тағы бір мәрте дәлелдеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысының құрамасы ересектер мен жастар арасындағы 64 және 100 шаршы дойбыдан Қазақстан Республикасының командалық чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы жеті командалық жүлдеге ие болды. Турнирдің басты жетістігі – ересектер құрамасының 100 шаршы дойбыдан классикалық бағдарламада алтын медаль жеңіп алып қана қоймай, чемпиондық атағын сәтті қорғап, елдің екі дүркін чемпионы атануы болды. Ал блиц бағдарламасында команда қола жүлдені иеленді.

100 шаршы дойбыдан Қарағанды облысының жастар құрамасы да жоғары нәтиже көрсетті. Спортшылар классикалық бағдарлама мен рапид бойынша күміс жүлдегер атанды.

64 шаршы дойбыдан ересектер құрамасы да сенімді ойын өрнегін көрсетті. Ең мықты қарсыластармен өткен тартысты бәсекеде қарағандылық дойбышылар үш рет тұғырдың екінші сатысына көтеріліп, үш күміс медаль жеңіп алды. Олар тек Батыс Қазақстан облысының қазіргі чемпиондарына ғана жол берді.

Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты Павлодар қаласында он күн бойы өтті. Елдің үздік командалары классикалық бағдарлама, рапид және блиц бойынша жеңімпаздарды анықтады.

Жарыс қорытындысы бойынша Қарағанды облысының құрамасы бір алтын, бес күміс және бір қола медаль еншіледі.

Қарағанды облыстық дойбы федерациясының ақпараты бойынша

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1261795?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді