Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
📌2026 жылғы 21 шілдеде СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ә.Т. Жұматаевтың төрағалығымен Департамент пен аумақтық басқармалардың мамандарына арналған семинар өтті.
⚡️Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасына енгізілген өзекті өзгерістерді түсіндіруге бағытталды.
⚡️Семинарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Дархан Хайруллин және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Лаура Қайыржанова баяндама жасады.
⚡️Семинар барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері, сондай-ақ 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі нормалары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметті өткеру тәртібі, жаңа заңнамалық нормаларды іс жүзінде қолдану және заңнамада белгіленген талаптарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
✨Бұдан бөлек, қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, қызметтік әдеп қағидаттары мен лауазымдық міндеттерді орындау кезінде адалдық қағидаларын ұстану мәселелері түсіндірілді.
⚡️Семинар ашық диалог форматында өтіп, мемлекеттік қызметшілерге заңнаманы қолданудың практикалық мәселелерін талқылауға және өздерін қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауап алуға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/1261846?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді