
14-20 шілде аралығында Бірлік ауылдық округінде әкім аппаратының мамандары округ тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Өткізілген іс-шаралар барысында тұрғындарға электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану мәселелері түсіндіріліп, қаржылық міндеттемелерге жауапкершілікпен қарау және ойланбай микрокредит рәсімдеуге жол бермеу бойынша кеңестер берілді.
Сонымен қатар тұрғындарға «Е-лицензирование» ақпараттық жүйесі арқылы өтініштер беру мәселелері бойынша кеңес көрсетіліп, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу тәртібі және заманауи цифрлық сервистерді пайдалану мүмкіндіктері түсіндірілді.
Аталған жұмыстың негізгі мақсаты — халықтың құқықтық және цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру, азаматтарды қолжетімді мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттандыру, сондай-ақ өзекті мәселелерді шешуде практикалық көмек көрсету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-birlik/press/news/details/1261866?lang=ru

Жауап қалдыру