
«Аманқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ елді мекендердің тазалығы мен тәртібін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Абаттандыру қағидаларын бұзушылықтарды жою туралы әкімдік хабарламасы табысталғаннан кейін ауыл тұрғыны жиналған қоқысты уақытылы шығарып, өзіне тиесілі аумақты санитариялық талаптарға сәйкес ретке келтірді.
Абаттандыру қағидаларының талаптарын жауапкершілікпен орындап, ауылымыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосып жүрген тұрғындарға алғысымызды білдіреміз.
Еске саламыз, абаттандыру қағидаларын сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында ғана ауылымызды таза, көрікті әрі өмір сүруге қолайлы ете аламыз.
🌿 Таза ауыл – әрқайсымыздан басталады!
🌿 Чистое село начинается с каждого из нас!
#ТазаҚазақстан #Аманқарағай #Абаттандыру #ТазаАуыл #Экология #ҚостанайОблысы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-amankaragai/press/news/details/1261913?lang=ru

Жауап қалдыру