«Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акциясы: профилактикалық есепте тұрған азаматтарды бақылау жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс аумағында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» профилактикалық акциясы жалғасуда. Акция аясында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері профилактикалық есепте тұрған адамдарды, сондай-ақ бұрын отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған азаматтарды тексеруде.

Профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері сот белгілеген ерекше мінез-құлық талаптарын бұзу фактісін анықтады.

– Профилактикалық есепте тұрған азаматтардың бірі тұрғылықты жерінде алкогольдік масаң күйде анықталып, өзіне жүктелген ерекше талаптарды бұзған. Құқық бұзушыға қатысты сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау фактісі бойынша материал рәсімделді. Материал процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, – деді Павлодар облысы полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы Ботагөз Төлеуова.

Тәртіп сақшылары еске салады: қорғау нұсқамалары мен ерекше мінез-құлық талаптарының сақталуы ішкі істер органдарының тұрақты бақылауында. Сот белгілеген шектеулерді бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

Полиция азаматтарды отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне бейжай қарамауға шақырады. Егер сізге көмек қажет болса немесе құқыққа қайшы әрекеттердің куәсі болсаңыз, бұл туралы дереу 102 нөміріне хабарлаңыз.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1261896?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді