
2026 жылғы 22 шілде күні Ұйғыр аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті VIII отырысында қоғамдық кеңестің жаңа төрағасы сайланды. Кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен Гаитов Рустем Абдузаитұлы Ұйғыр аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Гаитов Рустем Абдузаитұлы 1966 жылы 16 сәуірде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Байсейіт ауылында туылған. Білімі жоғары. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) заң факультетін бітірген.
1984–1986 жылдары Кеңес әскері қатарында борышын атқарған.
1986–1998 жылдары құқық қорғау органдарында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
1999–2005 жылдары «Шонжы жолаушылар автокөлік кәсіпорны» ЖШС директоры және «Қазагро» қазақ-қытай бірлескен кәсіпорнының бас директоры болып жұмыс істеген.
2005–2007 жылдары «Транссервис 777» ЖШС директоры қызметін атқарған.
2007 жылдан бастап Алматы қалалық адвокаттар алқасында адвокат.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uigur/press/news/details/1262000?lang=ru

Жауап қалдыру